Ақжайық төріндегі Мәуліт мерекесі

Әлемнің мұсылман мемлекеттері сияқты еліміздің мешіттерінен басталып, үлкенді-кішілі қала, аудан, облыс орта­лықтарында сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы Мәуліт аталып өтіліп, мерекелену үстінде.

Сенбі күні Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаевтың бастамасымен жиналған жамағатқа ақдастархан жайылып, Алла Тағаланы ұлықтап, Мәулітке қатысты уағыздарға, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) айтылған салауаттарға сусындап қайтты.

Рухани шараға мешіттің имамдары, ақсақалдар мен білімді жастармен қатысты.

Осындай игі шара Бөрлі аудандық мешітінде өз жалғасын тапса, Жаңақала аудандық мешіттің спорттық шарамен ерекшеленді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған