Ақжайық төрінде Өнер қырандары

Кеше  Орал қаласындағы  “Нұр Отан” ғимаратында ҚМДБ-ның бастамасымен “Өнер қырандары” театрының  “Мәуліт” мерекесіне орай  рухани кеші өтті.

Осы жоба арқылы театр ұлық айда асыл дініміз исламның рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеп келеді.

Рухани шарада ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас  имамы Бақытжан Сабралиев жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен айымен құттықтап, “Өнер қырандары”  ұжымына сәттілік тілеп, дана халқымыз айтқандай «шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десеңші», Алланың берген таланттарымен өнердің шыңынан көріңіздер,-деп ақ тілегімен басталып, Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов мәуліт оқыды.

Ғибратты шара сахналық көріністер мен иләһи әндері жамағат көңілінен шығып, көздерге қуаныш сезімі ұялады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған