Ақжайық өңірі бойынша 300 балаға мектеп сөмкесін сыйлады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының батыс Қазақстан бойынша өкілдігі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Қайырымдылық шараға  Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев, аталмыш мешіттің наиб имамдары, ата-аналар қатысты.

Алдымен өкіл имам Мұратбек қажы Мұхтарханұлы құттықтау сөз алып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың игі тілегін жеткізіп, әлдилеп баққан ұл мен қыздарын білімді, ата-анаға, еліңе жақсылық жасайтын. Иманды перзенттер болуын тілеп, жергілікті  теле-арнаға сұхбат берді.

Шараға қатысқан  ата-аналар  Дінбасымызға шексіз ризашылықтарын айтып, оқушыларға өздерінің ақ тілегін жеткізді.

Ақжайық өңірі  бойынша 300 оқушыға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табыс етіп, өкіл имам Мұратбек Мұхтарханұлы сауапты бастамаға қолдау білдірген атымтай жомарт азаматтарға шексіз алғысын айтып, сауапқа кенелуін тіледі.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған