Ақжайық имамдарына форум құжаттары таныстырылды

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, басқа да құжаттарды таныстыру мақсатында Орал орталық мешітінде бас қосты.

Мұратбек Мұхтарханұлы  Ақжайық өңірінің имамдарына ІІІ имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстырды. Сондай-ақ бас қосуға ауданның бас  имамдары қатысты.

Жақында Тәжіден Батырұлы мешіттің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов Орал қаласы, Серебряков кентіндегі мешітінде болып, жұма намазынан кейін жиналған  жамағатқа ІІІ республикалық форум жайлы кеңінен әңгімелегендігін жетсе, Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтановта орталық мешітте форумда қабылданған құжаттары мен  «Мұнара» газетін көпшілікке таныстырғандығын жеткізді. Осындай игі шара аудан, ауыл мешіттерінде өз жалғасын таппақ

Бас қосу барысында аудандық мешітінің бас имамдарына  форумында қабылданған маңызды құжаттар және ҚМДБ-ның  төл басылымы  «Мұнара» газетіне 2020 жылына жазылуы мен маңыздылығы түсіндірілді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған