Ақжайық имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Кеше «Орал» орталық мешітінде онлаин режимде басқосу өтті. Жиында Рамазан айына әзірлік жайы қозғалды.
Басқосуда ҚМДБ-ның БҚО бойыеша өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев Рамазан айының ерекшелігі, оған дайындық мәселесі жайы қозғалып, қазіргі пандемия кезінде ораза рәсімдерін өткізудің жай-күйіне тоқталды.
Облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, ораза кезіндегі іс-шаралар карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылу қажеттілігі, мешіттің іші-сыртының тазалығы жайында тілге тиек етті. Ең бастысы індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттігін еске салды.
Басқосуда ауданның имамдары өздерін толғандырған сауалдарын қойды.
Жиынға Батыс Қазақстан облысының Тасқала, Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Бөкей-Орда, Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Казталов аудандық мешітінің имамдары қатысты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған