Ақжайық имамдары Құран хатым дұғасын жасады

Бүгін, төрткүл дүниені үрейге салған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің жасаған үндеуіне үн қосу мақсатында, Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Қыстаубаев және Орал орталық мешітнің наиб имамдары  Самат Әлібаев, Мейрамбек Абдрахманов, Наурыз Убаев, Асхат Асылбеков Құран хатым оқып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.

Құранды толықтай оқып шыққан имамдар ел амандығы, әлемге таралған пандемияның емін беруді,  қазақ еліне тыныштықты, мешітке жамағаттың толуын  тіледі.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған