Ақсайдағы қайырымдылық шара

Наурыз мерекесіне орай Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бастау алған «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық жобасы аясында Ә-Наурыз мерекесіне  ҚМДБ-ның Ақжайық өңірі бойынша Бас имамы Мұратбек Қыстаубаевтың бастамасымен ауданның «Берекелі жамағат» еріктілер тобының қолдауымен қайырымдылық шарасы өтті.

Ақсай қалалық мешітінің бас Қанат Жакенов жомарттық.мейірімділік, шүкіршілік турасында насихат айтып, игі жобаның жалғаса беретіндігін  жеткізді.

Аудан бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік сөмкесі берілді.

Қайырымдылық шарасы басқа аудандарда жалғасуда

Ақсай қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған