АҚСАЙДА ҚҰРБАН АЙТТА 200 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ

Құрбан айт мерекесі – Алла разылығына жетелейтін ізгі амалдар мен мол сауаптар жасау науқаны. Бұл күндері көптеген игі шаралар атқарылып, адамдар бір-бірін зияраттап, айтпен құттықтайды. Өзара ренжіскендер татуласып, көңілдегі кірбіңдер кетеді. Сөйтіп елдің ынтымағы артып, құт-береке орнайды.

Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.

Соған орай биыл Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы бойынша Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде өтті. Бөрлі ауданы әкімдігі тарапынан құрбан шалуға рұқсат етілген  орындарда айт күндері құрбандық рәсімдері орындалды. Жалпы есепте, 300-ден астам қой сойылып, әлеуметтік аз қамтылған 200 отбасыға ет үлестірілді.

Айта кетейік, құрбан айт күндері мешіт жамағаты арасында спорттық шараларда ұйымдастырылды.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған