АҚ БАТА» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Теректі аудандық мәдениет үйінде  облыстық «Ақ бата» байқауы өтті.  Ең алдымен сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Таңатжанұлы аудан намысын қорғап келген ақсақалдарға сәттілік тіледі.

Теректі аудандық «Бірлік» ҚБ ұйымдастыруымен болған байқауға әр ауданнан жеті қария қатысты. Атап айтар болсақ, С.Төлегенов (Бәйтерек ауданы), А. Шотанов (Шыңғырлау ауданы), Ж.Үмбеталиев (Тасқала ауданы), А.Салекеев (Қаратөбе ауданы), И.Көшекбаев (Бөрлі ауданы), А.Ашиховтар (Казталов ауданы) бақ сынады.

Қатысушыларға әділ бағасын берген қазылар алқасының төрағасы ҚМДБ-ның  БҚО  бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қазиқанов және «Алтын бесік» мәдени орталығының төрайымы Л.Қаражігітова болды.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы айналымда қариялар әртүрлі тақырыпта бата айтты. Дастархан басында айтылатын, жас отбасыға, жолға шыққан кезде, жас балаға айтылатын т.б. бата түрлерін тақырып бойынша айтып шықты. Екінші кезең  еркін тақырыптағы бата, оған қатысушылар ел мен жерге, халыққа берілетін бата берді.

Қариялардың батасын естіп , оларға дән риза болған аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов ақсақалдарға ізгі тілегін білдірді.

Әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орынға Казталов ауданынан келген А .Мазанұлы ие болды. Жүлделі 2 орын А.Таңабайұлына (Шыңғырлау ауданы) және 3 орын Ж.Әбуұлына (Тасқала ауданы) табысталды.

Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған