32 отбасына азық-түлік берілді

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Данилбек Саратовтың қолдауымен Орал орталық мешітінде 32 мұқтаж отбасыларға азық-түлік тегін таратылды.

«Ата-бабаларымыз қай кезеңде де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып, көмек көрсетуді өсиет еткен. Алла Тағала ниетімізді қабыл етсін»,- дейді наиб имам Самат Қанатқалиұлы

Қайырымдылық шарасына атсалысқан Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Данилбек Саратовқа, Орал орталық мешітінің наиб имамдары Самат Алибаев, Наурыз Убаев, «Қазақ Вайнах» жастар достық клубының төрағасы Талғат Чудобаев шексіз ризашылымызды айтып, жұмыстарына  береке тіледі.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған