Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Орал өңірінде де құрбан шалу онлайн тапсырыс беру арқылы жүзеге асты.

Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Қыстаубаевтың айтуынша, өңірде Құрбан айттың үш күнінде де санитарлық талаптар ескеріліп, құрбан шалынды.

Ақжайық өңірінде мереке күндері 806 қой, 38 ешкі мен 36 ірі қара сойылып, құрбан еті 1573 отбасыға жеткізілді.

–Баршамыздың Құрбан айттағы тілектеріміз, сауапты амалдарымыз және ең бастысы, шалған құрбандықтарымыз Ибраһим (а.с.) пайғамбардың құрбандығындай қабыл болсын. Осы орайда үш күн бойы тыным таппай, Алла разылығы үшін ет жеткізу жұмыстарына жұмыла кіріскен ерікті жамағатқа алғысымыз шексіз» – дейді М.Қыстаубаев.

Өңірдегі құрбан шалу жұмыстарына 48 ерікті жұмылғанын айта кеткен жөн.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған