200 балаларға Рамазан сыйлығы берілді

Қасиетті Рамазан айында  Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің дін қызметкерлері 200 балаға арнап «Рамазан» сыйлығын табыстады.

Аталмыш мешітінің бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сөз алып, Рамазан айымен құттықтап, ата-аналарының үмітін ақтап, сабақтарынды жақсы оқып, ұстаздарын мен үлкенді сыйлап, рамазаннан-рамазанға дейін аман-есен болайық,-деп ақтілегін білдірді.

Шараның мақсаты ұлық айдың қасиеттің құдіретін, асыл дініміздің құндылықтарын жас ұрпақтың бойына  сіңіріп, елжанды, иманды азаматтарды тәрбиелеу.

Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған