Ислам діні – татулық діні

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Бізге мамыражай күн сыйлаған, амандық, есендік берген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтаулар болсын. Және бейбітшілік туын көтеріп, туралық пен әділдікті үйреткен Алланың елшісі Мұхаммедке Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

«Татутық – табылмас байлық» — деген ата-бабаларымыз, о бастан татулықтың қаншалықты мол қазына екенін білген. Және оны өз жырау-толғауларында да әрқашан айтып жүрген. Және мақал-мәтелдер, жыраулар арқылы ұрпақтарынататулық деген қазынаны жоғалтпауды қаперлеріне салған.

Татулық — таусылмайтын кен секілді,
Кен сақтау – шама келсе, шен секілді.
Ортаңда татулықтың тұрса туы,
Дос, дұшпандемес сені кем секілді.

Ғаламда кез келген дін татулық пен бірлікті негіз етіп, соған қарай өз насихаттарын жүргізеді. Алайда Ислам дінінің бейбітшілікті, татулықты меңзеген нақыл сөздері мен істеген амалдары ешбір дінде жоқ, әрі ешбір дін оған жете алмайды. Мысалы: Будда дінінде татулықты шектеп тек қана қасындағы досы арқылы көрсетеді. Будданың екі досы болды, олар туралы сипаттағанда өте адал, сөздеріне берік, аманатшыл  болды деп өз жазбаларында келтіріп кеткенін аңғарамыз.Ал Християн дініде құдайдың әулие Ионнаға деген достық қарым қатынасын және Иса пайғамбардың татулық нұрын шашып  жүретіні туралы өз кітаптарында кеңінен айтылған. Олар қысқаша «Достық екі рухтың бір-біріне жабысып, бір-бірінсіз өмір сүре алмауы,» — деп түсіндіреді. Демек әрбір дін өзінше татулықты насихаттап, соған қарай бой түзейтінін білдік.

Енді Ислам дінінің қаншалықты татуылықты негіз етіп алатынын қарайық. Ең бірінші Ислам дінінің өзге дін өкілдеріне деген достық қарым қатынасы төмендегідей:

Мұсылман адам өзге дін өкілін «кәпір» деп айыптамайды да, оларістеп жүрген діни амалдарын дұрыс деп те атамайды. Себебі Ислам діні бойынша кәпірлік іске разы болу да кәпірлік. Алайда адамның жүрегіндегі иманды Алла Тағала қалаған құлына береді деп сеніп, насихат айтумен ғана шектеледі.

Мұсылман адам өзіне қалаған нәрсені өзгеге де қалау керек. Алайда өзге дін өкілі Ислам дінінің атрибуттарын қаралап жатса жек көруі хақ. Демек «Алла үшін жек көру» ғана бойында болады. Ал өзінің нәпсісі үшін , дүнияуи амалдарда жек көру, өзіне жау санау мұсылман адам үшін тиым салынған.

Ислам діні өзге дін өкілімен соғысып қалған жағдайда да ең бірінші татулық жағынан шешу жолдарын қарастырады. Татулық діннің негізі екенін де осы аяттан байқауға болады. Құранда Алла тағала: «Алла Тағала сендермен дін жайында соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық жасауға, әділ болуларына тыйым салмайды. Расында, Алла Тағала әділдікті жақсы көреді» («Мұмтахина» сүресі, 8-аят) дейді.

Исламда өзге дін өкілдерінің, әсіресе кітап иелерінің сойған малының еті жеуге, берген сыйлығын алуға рұқсат етіледі. Ең бастысы харам араласпау керек. Ол турасында Құранда: «…Кітап иелерінің дайындаған тағамы, (бауыздағаны да) халал етілді» («Мәида» сүресі, 5-аят) делінген. Тіпті тарихта Пайғамбарымыз бір яхуди адамның үйінен дәм татқаны туралы риуаяттарда келеді.

Мұсылман адам өзге дін өкілінің қызын алуға рұқсат етілген.Қасиетті Құранда Алла Тағала былай дейді: «(Мұсылман) әйелдің, оларға (кәпірлер ер кісіге некесі) халал емес, олар (кәпір ер кісінің) бұларға (мұсылман әйелдерге некесі) халал емес» («Мұмтахина» сүресі, 10-аят). Алайда осы тұста бір ескертіп кететін жәйт бар. Мұсылман әйел өзге дін өкілене тұрмысқа шығуға болмайды, және мұсылман ер адам тек кітап иесі болан өзге дін өкілінің қызын некелеп алуа болады.

Енді Мұсылманның мұсылманға деген бауырмалдылығы, достығы туралы айтатын болсақ,  Ислам дінінде «татулық» үлкен ұғымдардың бірі болып саналады. Қысқаша айтқанда мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды.

Құран Кәрімде Алла Тағала осы ұлы ұғымды былай деп сипаттайды: Алла сол мүміндердің жүректерін жарастырды (һәм оларды саған мызғымас қорған қылды). Егер сен жер бетіндегі байлықтың барлығын осы жолда жұмсасаң дағы, олардың жүректерін дәл бұлай жарастыра алмас едің. Алайда Алла оларды жарастырды. Шүбәсіз Ол бәрінен үстем әрі ұлық және әр ісі мен әр үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі.

Ал Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мүбарак хадисінде былай дейді:«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», және осы сөзін қуаттай келе Алла Елшісі(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)тағы бір хадисте былай деген: Шын мәнінде Алла үш нәрсе үшін сендерге риза болады және үш нәрсені жек көреді. Алланың риза болатыны: Аллаға құлшылық қылу, Оған серік қоспау, Алланың дініне жармасып бөлінбеу, Алланың жек көретіні: өсек тарату, орынсыз көп сұрақ қою, малды ысырап ету.

Енді жаныңдағы мұсылман бауырың мен татулық қандай сипатта болу керектігін ашып көрелік.

  1. Шынайы Алла разылығы үшін болу.
  2. Имани жолда, тақуалықта байланысу.
  3. Өзара кешірімділікте болу.
  4. Қиыншылық пен ауыртпашылықта көмектесу.

Міне осы айтылған қағидаларды сақтайтын болсақ Ислам дінінің шынайы келбетін көрсеткен боламыз. Ал қазір өзге дін өкілін құрметтеу былай тұрсын, мұсылман адам мұсылманды құрметтеуден ада болып бара жатырмыз. Бізді ажырататын себептер күннен күнге көбеюде. Мәселен иман мәселесі, мазхаб мәселесі, діндегі тартысуға тұрмайтын ұсақ-түйек мәселелері. Осылардың баршасын қойып, бір басшылыққа бой ұсынып, бір мешітте иық тіресіп тұрудан артық не бар. Керісінше ажырататын емес, татуластыратын себеп іздеу керекпіз. Алла Тағала бізді әрқашан татулықта, бірлікте жүруімізді нәсіп етсін. Әмин!!!

Наурыз Ибатұлы,Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.