Мешіт іші жаңа кілеммен жаңарды

Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айы қарсаныңда ауданымыздың 1992 жылғы туылған азаматтары  Қаратөбе аудандық мұсылмандар мешітіне жаңа мешіт сыйлап, қасиетті жұма күні мешіттің намаз оқыйтын жеріне төсеніш жұмыстарын ауыстырып берді.

Алла құзырында осындай жария садақалар ешуақытта сауабы үзілмейтін амал болары сөзсіз. Аудандық мешіт оның жанындағы асхана құрылысы барлығы дерлік дінге жаны ашитын азаматтар мен ауыл тұрғындарының қолдауымен жүзеге асуда. Аудандық мешіт- 2008 жылдан бері аудан тұрғындарының рухани һәм діни сауаттылығын арттыруда қызмет етіп келе жатырған рухани орталық. Жыл сайын мешітте жамағаттың сұранысына орай, қажеттіліктерін өтеу мақсатында игі шаралар қолға алынып келеді. Ауылымыздың тыныштықта һәм берекелі болып тұруы- бес уақыт азаны үзілмеген ғибадат үйінің болуымен және дінге жаны ашыйтын жамағаттың дұғасы мен, ауылымыздың ынтымақ ауызбіршілікте болуымен үндесіп тұр. Мешітке қолдау білдірер әр азамат Алла жолында жұмсаған қаражат пен қажырлы еңбектің еселеніп қайтатындығын, сауаптар жазылатын қасиетті айда жақсылықтар жарысатын ай екендігін ескергендерін жөн деп білеміз. Дін жанашырлары ғана емес, кәсіпкерлеріміз, шаруа қожалық жетекшілері үлкен қолдау білдірсе халық игілігі үшін қызмет қылатын Алла үйінің жаңарып, жаңа бағытта жұмыс жасайтындығы сөзсіз.

Қаратөбе аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған